7.06.2021 жылы «Даналық» колледжінің 1-2 курс студенттеріне «Шанс» кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау орталығының психологы Ж.Х. Хусаинова «Білім беру ортасының психологиялық қауіпсіздігі» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренингтің мақсаты білім беру процесінің өнімділігін арттыру үшін білім беру ортасының психологиялық қауіпсіздігін және студенттердің психологиялық денсаулығын қолдау дағдыларын дамыту. Студенттер белсенді сұрақтар қойып, жауаптар алды.