2019 жылдың 20 ақпаны күні «Даналық» колледжінің студенттері апаттар мен тосын оқиғалар болған жағдайда тұрғындарды өзін-өзі қорғауға шақыру мақсатындағы Бүкіләлемдік Азаматтық Қорғаныс күніне арналған флешмоб биледі.
Халықаралық Азаматтық Қорғаныс Ұйымының Бас Ассамблеясының Қарарына сәйкес 1 наурызда Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күні атап өтіледі, ағымдағы жылы «Біздің міндет – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» ұранымен өткізіледі.