«Ауруханаішілік инфекцияның алдын алудағы медбикенің рөлі» атты дөңгелек үстел

2018 жылғы 14 мамыр күні «АМТГ-Орталық жол ауруханасы» АҚ базасында «Емдеу ісі» мамандығының 2ЛД-11 тобының студенттерінің ұйымдастыруымен және колледждің  әлеуметтік серіктестердің қатысуымен «Ауруханаішілік инфекцияның алдын алудағы медбикенің рөлі» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің модераторлары: ӨО жөніндегі директордың орынбасары Р. Т. Елеуова және МІН оқытушысы Меерманова З. К.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты: болашақ мамандығына қатысты мағлуматтарды тереңдетіп оқыту мақсатында студенттерді өзін-өзі тануына ынталандыру болып табылады.

Дөңгелек үстелдің жұмысына қатысқандар: Раушан Укубаевна Абдрахманова — «АМТГ — Орталық жол ауруханасының» АҚ бас медбикесі, Наталья Александровна Гузевская – отау жасау бөлімшесінің аға медбикесі, Виктория Владимировна Жарикова — хирургия бөлімшесінің аға медбикесі, Наталья Валерьевна Ставилова — пульмонология бөлімшесінің аға медбикесі және түлек студенттер.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *