2019 жылдың 18 қарашасында «Даналық» колледжінің «Мейірбике ісі» және «Емдеу ісі» мамандықтарының бітіруші топ студенттеріне Нұр-Сұлтан қаласының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының психологы және қызметкері дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел аясында олар студенттерге жұмыс табу, өз ісін ашу, мамандық алу, тұрақты жұмысқа орналасу жолдары туралы айтып берді. Психолог жеке даму картасын алуға онлайн тест өткізді.