2022 жылдың 09 қарашасында колледжде ата-аналар жиналысы өтті.
Ата-аналар танысты:
— Оқу процесін ұйымдастыруымен.
— Колледждің ішкі тәртіп Ережелерімен.
— Бірінші курс студенттерінің оқу жетістіктерін талдауымен. Топ жетекшілері ата-аналарды топтың оқу қызметінің жалпы нәтижелерімен таныстырды.
— Топтың әлеуметтік-психологиялық ахуалының жай-күйімен. Топ жетекшілері студенттердің сабақтардағы, буфеттегі, экскурсиялардағы тартыптерімен және т. б. мінез-құлқы туралы өз бақылауларымен бөлісті.
Педагог-психолог ата-аналарды студенттерді бейімдеу бойынша анонимді сауалнама қорытындыларымен таныстырды. Интернетті қауіпсіз пайдалану туралы және «Bilim foundation» ҚҚ «Кәмелетке толмағандардың денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру» бағдарламасы туралы айтты. Интернеттегі балалардың қауіпсіз мінез-құлқы туралы ата-аналарға ұсыныстар таратты. Жиналыстан кейін ата аналармен жеке әңгімелер өткізілді.