2019 жылдың 25 қазанында «Емдеу ісі» және «Мейіргер ісі» мамандықтарының бітіруші топ студенттерінің ата-аналар жиналысы өткізілді.
Ата-аналар танысты:
— Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № ҚР ДСМ-46 «Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының ғылыми-педагогикалық қызметкерлерін бағалау ережелерін, медициналық білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау ережелерін бекіту туралы» бұйрығымен;
— оқу процесінің кестесімен (сабақтар аяқталуы, емтихандар, тәжірибеден өту және демалыс уақыттары) студенттерді тәжірибе өтуге бөлу, сабаққа қатысу және үлгерім туралы.
Колледж педагог-психологы А.С. Сейтахметова студенттердің ата-аналарына баланың психологиялық жағдайына назар аударып, кез-келген жағдайда қолдау көрсетуді ұсынды. Педагог-психолог сөз соңында ата-аналарға психологиялық ұсыныстар жазылған брошюралар таратылды.