10 — 14 қыркүйек аралығында жаңадан қабылданған колледж студенттері үшін топ жетекшілері «Астананы жаяу аралау» саяхаттарын өткізді. Бұл іс-шара дәстүрлі болып табылады. Студенттерді қаланың барлық аспектілерімен, оның тарихымен, елорданың ерекше орындармен таныстыру үшін топ жетекшілері жаяу саяхаттың маршрутын әзірлейді.
Мәдени-ағартушылық жұмыстардың кез – келген түрінің өзінің айрықша белгілері болады. Саяхаттардың негізгі белгісі — көрнекіліктердің жоғары деңгейі. Осыған байланысты бұл жұмыстың өзектілігі кең көлемді саяхаттарды жүзеге асыру үшін Астана қаласының әлеуетінің зор болуын атап өтуге болады.