2018 жылдың 22 мамыры күні «Даналық» колледжінде тарих пәнінің оқытушысы Г.Е. Жақсылыкова патриотизмді қалыптастыру; мәдениетке, қазақ халқының бай мұрасына және тарихи өткеніне сүйіспеншілікпен, құрметпен және қызығушылықпен қарауға тәрбиелеу мақсатында Астананың 20-жылдығына арналған «Астана бастаулары» атты тарихи-танымдық сағат өткізді.
Іс — шара барысында студенттерге «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» атты арнайы жобаның аяқталуы туралы айтылды. Жобаның шешуші кезеңінде, халықтық дауыс беру барысында спорт, ғылым, мәдениет, медицина, бизнес, қоғам бағыттары бойынша жеңімпаздар жарияланды.