Астана қаласы әкімшілігіне қарасты КММ «Кәмелеттік жасқа толмағандардың бейімделу орталығында», «Спорт – денсаулық кепілі» атты іс-шара

2018 жылдың  8 маусым күні «Даналық» колледжінің  «Емдеу ісі» мамандығының  1 -ЛД — Г тобының студенттері биология пәнінің оқытушысы А.С.Зейнолдинаның  жетекшілігімен Астана қаласы әкімшілігіне қарасты КММ   «Кәмелеттік жасқа толмағандардың бейімделу орталығында»,  «Акжол» жобасы аясында «Спорт – денсаулық кепілі» атты іс-шара өткізді. Өткізілген іс- шараның мақсаты балаларды салауатты өмір салтына үйрету. Студенттер әртүрлі көңілді бағдарламалар дайындап, жоғарғы деңгейде өткізді. Студенттер балалармен  таныстыру сәтін «Өзің  туралы айт» ойынымен бастады. Таныстырудан кейін студенттер қызықты жаттығулар, логикалық  сұрақтар, көңілді ойындар жүргізді. Іс-шара барысында студенттер барлық балаларға ынталандыру сыйлықтар мен тәттілер таратты.

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *