Астана қ. әкімшілігінің «Кәмелетке толмағандардың бейімделу орталығы» КММ-гі Алғыс айту күні

2018 жылдың 2 наурызы күні Алғыс айту күні мерекесіне орай Астана қ. әкімшілігінің «Кәмелетке толмағандардың бейімделу орталығы» КММ-сі «Ризашылық- Балалардың игілігі үшін мейірімділік»  — атты іс-шара өткізді.   Шараға келесі қонақтар шақырылды: Жерінбай Е.С.  – ҚР Білім және ғылым  Министрлігінің халықаралық әріптестік және балалар құқығы басқармасының басшысы, Орынбасарова Л.Ж.  — Астана қаласының Білім басқармасына қарасты кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау бөлімінің жетекшісі, Баранбаева Н.К. – «Даналық» колледжінің бөлім меңгерушісі.  

Өткізілген іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің бойында толеранттылықты, достықты және өзара сыйластықты құрметтеуді тәрбиелеу, сонымен қатар Қазақстандағы этносаралық келісімді және ұлтаралық  қарым-қатынасты нығайту.

Астана қ. әкімшілігінің «Кәмелетке толмағандардың бейімделу орталығы» КММ директоры Белгібаев А.К. «Даналық» колледжінің директоры  Мурзагуловаға С.В. және «Ақжол» жобасының жетекшісі Баранбаеваға Н.К. – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселесіне бей-жай қарай алмай оларға қолдау көрсеткендері үшін өз алғысын білдірді.

Орталық тәрбиеленушілеріне сыйлық ретінде «Даналық» колледжінің студенттері Донова Асылзат және Утеулина Аяулым тамаша билерді тарту етті.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *