2019 жылдың 15 ақпанында «Даналық» колледжінде «Мейірбике ісі» апталығы аясында «Асептика және антисептика-медицина негіздері» тақырыбында арнайы пәндердің жас оқытушылары үшін мастер – класс өтті.
Мастер-кластың мақсаты арнайы және жалпы кәсіптік пәндердің жас оқытушыларына әдістемелік көмек көрсету, сондай-ақ асептика мен антисептиканың алдын алу бойынша іс-әрекет алгоритміне сәйкес практикалық дағдыларды пысықтау болып табылады.
Мастер-классты арнайы пәндер оқытушысы Айдын Алмазович Амангельдинов жүргізді.
Мастер-класс барысында келесі практикалық дағдылар көрсетілді:
- Гигиеналық деңгейде қолды жуу демонстрациясы.
- Стерильді қолғаптарды кигізу және шешу.
- Медициналық құралдарды зарарсыздандыру алдындағы тазалау.
4. Материалды зарарсыздандыруға дайындау.