2018 жылы 18 сәуірде «Нақты және жаратылыстану ғылымдары» аптасы аясында «Кәсіби қызметте ақпараттық технологиялар» пәні бойынша оқытушысы Бегалаев Б.Т. «Архивтердің тұжырымдамасы. WinRAR, WinZIP Advanced архивтері және мұрағат құру мүмкіндіктері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақтың мақсаты: Студенттерге WinRAR, WinZIP Advanced архиваторлармен негізгі жұмыс істеу кестесін меңгеруге, практикалық іс-әрекеттерді пысықтауға үйрету. Студенттердің құжаттарын вирустан қорғауды үйрету және маңызын түсіндіру.
Студенттер архив түрлерін файлдың типімен байланыстыра алады, олар қай түрге жататынын анықтап, тәжірибелік жұмыстарында архив ұғымы, архиватор түрлері, әртүрлі формадағы ақпараттармен, қабылдау түрлерімен жұмыс жасады.
Сабақтың ерекшелігі, студенттер сабақ соңында өздерінің файлдарын әр архиваторға салып және сығу әдісін ауыстырып көлемін қаншалықты өзгеретінін анықтады.