2019 жылдың 13 наурызда «Даналык» колледжінде «Емдеу ісі» мамандығының топтары арасында арнайы пән оқытушылары П.Б.Оразаева мен А.А. Амангельдинов «Анатомия білімі, медицина білігі» атты сайыс өткізді. Сайысқа 1Л-ДАК-11, 2Л-ДАК, 2Л-ДВК, 2ЛД-Г топ студенттері қатысты. Әділқазылар алқасы: «Астана медицина университеті» АҚ «Адам анатомиясы» кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы А.Б.Аубакиров, травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының травматолог – дәрігері Қ.С.Жолдыбаев, «Даналық» колледжінің атқарушы директоры Ж.Б.Сарымсаков, «Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі Н.К.Баранбаева. «Анатомия білімі, медицина білігі» атты сайыс дәстүрлі және инновациялық әдістер мен дидактикалық тәсілдерді қолдана отырып, студенттердің білім деңгейндегі бәсекелестік қабілетін жоғарлату мақсатында өткізілді.
Сайыстың — кезендерінде студенттер топтарын таныстыру, практикалық тақырыпты ұяшықтар арқылы сұрақ-жауап, интерактивті тақтадан жүйелерді құрастыру, топ басшылары арасында алғыр көрсеткіштерімен сонымен қатар үй тапсырмасымен сайысқа шығармашылық қасиеттері арқылы бәсекеге түсіп, 2ЛДАК тобы үздік атанды. Сонымен қатар «Астана медицина университеті» АҚ «Адам анатомиясы» кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы А.Б.Аубакиров стеденттерге арнайы сұрақ қойып 2 ЛД -ВК студенті Сапарғали Аружанға «Адам анатомиясы» кітабып табыс етті.