2022 жылғы 21 желтоқсанда колледжде Астана қаласының «АИВ-инфекциясының алдын алу орталығының» мамандары «АИВ-инфекциясының алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыбында дәріс оқыды. Орталық мамандары «АИВ-инфекциясының алдын алу орталығының» жұмысы және осы инфекциямен күресу жолдары туралы тақырыпты ашты. АИВ — инфекциясы туралы фильм көрсетілді. «Сіздің қауіпсіздік ережелеріңіз» жадынамасы таратылды. Дәрісті ұйымдастырушы жұқпалы аурулар оқытушысы Ж. А. Карпикбаева
Мақсаты: жастар арасында АИВ-инфекциясының таралуының алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жыныстық сауаттылықты арттыру.