«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға сәйкес, «Адалдық сағаты» жалпыреспубликалық акциясы аясында 22 қыркүйекте оқытушылар М.М.Касымов және Г.Е.Жаксылыкова студенттермен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Негізгі мақсаты: мемлекет алдындағы жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға, сондай-ақ сатылмаушылық және адал еңбек қағидаттарына негізделген нақты азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
Өткізу барысында еліміздің әрбір азаматының парасаттылығына ерекше назар аударылды, бұл парасаттылық –гүлденген қоғамды дамыту үшін негіз болып табылады.