17.02 2022 жылы «Astana-Adaldyq Alany» жобалық кеңсесінің менеджері Әбуов Сәулет Нұрғазыұлы Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысының 2022-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру аясында «Адалдық алаңы» — біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбына дәріс өткізді.
Мақсаты: студенттерге «Адалдық алаңы» жобасы туралы толық ақпарат беру, оның мақсаттары мен міндеттерімен таныстыру.
С.Әбуов бұл жоба сыбайлас жемқорлық таралған әлеуметтік маңызды салаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ, «Astana-Adaldyq Alany» жобалық кеңсесінің жұмыс бағыттары туралы ақпарат берді.
Студенттер тақырып бойынша сұрақтар қойып, белсенді қатысты.