«Ақын және махаббат» атты театрландырылған әдеби – музыкалық кеш

2019 жылдың 29 наурызында «Даналық» колледжінде әдебиет оқытушысы Алмы Ескаировна Джумашеваның жетекшілігімен А.С. Пушкинді еске алуға арналған «Ақын және махаббат» атты театрландырылған әдеби – музыкалық кеш өткізілді.  Әдеби кешке Жаңғырту орталығының өкілі, баспа қызметі бөлімінің әдіскері А:Е: Шаяхметова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Б.Ж. Хатпина, «Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі Н.К Баранбаева, ЖББП ЦӘК төрайымы А.М.Темирбаева және «Даналық» колледжінің студенттері қатысты.

Ұлы ақынның шығармашылығына тән лирикалық көңіл күйде өткен шығармашылық кеш барысында колледж студенттері пушкиндік дәуірмен танысты. Пушкин-ақын бейнесі, біздің санамыздағы Пушкин-адам бейнесімен бірге, біздің әрқайсымыз үшін жарқын идеал, адамның ақыл-ойы мен жаны ұмтылатын жақсылық пен ақиқаттың жарқын жұлдызы болып қалады. Ол бізге қайырымды ертегіші ретінде келіп, балалардың жүрегіне өзінің қарапайым өлеңдерімен жол табады және мәгілікке орын алады. Пушкин – біздің алғашқы, бала кезгі, ақындық махаббатымыз.

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *