Ақпараттық түсіндірме жұмыс.

19.05.2022 жылы эдвайзер Нұрғалиева Т.У  2 курс студенттері арасында ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдумның маңыздылығы мен жаңа Қазақстан болашағы туралы ақпараттық — түсіндіру жұмысын жүргізді.

 Түсіндірме жұмысы барысын да барлық мемлекеттік модельді кешенді түрлендіруге бағытталған Конституциялық реформалардың тарихи маңыздылығына назар аударды. Жаңа Қазақстанның маңызды даму кезеңі құрылысының басталғанына тоқталды және негізгі Заңның 33-бабына енгізілген түзетулер бүкіл Конституцияның үштен бірін құрайтының айтты.

«Референдум-мемлекетіміздің болашағын айқындайтын тарихи процесс. Ел Конституциясына ұсынылған түзетулер ел үшін ерекше маңызға ие және бөлім студенттері шетте қалмауы керегін де атап өтті.. Біздің еліміздің болашағы әрқайсымызға байланысты. Сондықтан біз өзіміздің азаматтық ұстанымымызды көрсетуіміз керек», —  деп ойын білдірді бөлімнің эдвайзері.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *