Заманауи медициналық жабдықтардың және жаңа дәрі-дәрмектің көмегімен медицина қызметкерлері аурудың кең шоғырын емдеп, диагностика және қажетті жағдайда ота жасайды. Бірақ кейбір науқастарға адами көзқарас, жылулық және қолдау керек.
Дүниежүзілік науқастар күні — мереке емес, қайта мейірімділік, науқасқа деген жылы көзқарас, қамқорлық, қиналған жанға жақсы күтім көрсете білу керек екенін еске салатын күн.
Бұл күн қалың жұртты өз денсаулығына назар аударту, оның маңыздылығын, құндылығын түсіндіру, адамдардың денсаулығын сақтап қалу үшін не істеу қажет екендігін жеткізу үшін өткізілетін іс-шара.