2023 жылдың 2 наурызында «Фармация» мамандығы апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Д. М. Балкыбаева 2 курс студенттерімен » Ақмола облысында өсетін дәрілік өсімдіктер атты дөңгелек үстел өткізді. Бұл шара студенттердің білімін жалпылау, тереңдету және кеңейту, дәрілік өсімдіктердің өзара байланысы мен әсерін, қолданылуы мен жанама әсерлерін анықтау және түсіндіру мақсатында өткізілді.