2019 жылдың 9 сәуірінде «Даналық» колледжінің студенттері қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылы 9 маусымда өткізілетін кезектен тыс Президент сайлауын өткізу шешімін қабылдауы туралы хабарламалық жолдауын тыңдады.
Соңғы кезектен тыс Президент сайлауы 2015 жылдың 26 сәуірі болды. Ол кезде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 97,7 пайыз дауысын жинады. Сайланған мемлекет басшысының өкілеттілік мерзімі 2020 жылдың сәуір айына дейін айқындалған болатын.