«Нашақорлықтың, токсикомания мен маскүнемдіктің алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг

2025 жылғы 5 қыркүйекте «Емдеу ісі» мамандығының бітіруші топтарының студенттері үшін арнайы пәндер оқытушысы Д.С. Бекбергенова наркологиялық диспансердің медициналық қызметкері Ержан Мұсылманбекұлының қатысуымен «Нашақорлықтың, токсикомания мен маскүнемдіктің алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. 4-ЛД-ВК студенттері: Аманғали Аружан Жасұланқызы «Есірткіге жол жоқ», Ноян Аяулым Қайратқызы «Алкоголизмнің алдын алу» тақырыбында баяндамалар оқыды.

Ержан Мұсылманбекұлы наркотикалық заттар спайс, есірткі сияқты заттар туралы айтты. Оларды қолданудың нәтижесі жіті улану, тіпті кейде өлімге әкелуі мүмкіндігін жете түсіндірді. Айқын мысалдар келтіріп, пациенттің қатты қозуы кезінде шұғыл көмек көрсету алгоритмдерін іс жүзінде көрсетті. Кездесу соңында студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *