2019 жылдың 18 желтоқсанында колледжде оқытушы Ж. А. Дариеваның жетекшілігімен студенттер арасында «Қант диабеті» акциясы өткізілді. Қант диабеті мен глюкометрия туралы бейне және презентациялар көрсетілді. Студенттер қандағы глюкоза деңгейін анықтады.
Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні 1991 жылы ДДСҰ бекітілген және бүкіл адамзатқа аурудың таралуы ұдайы өсе түсетіні туралы еске салу болып табылады.
Акцияның мақсаты: жастарды салауатты тамақтану, дене шынықтыру және спортпен шұғылданудың артықшылықтары туралы еске салу.