Диплом тапсыру рәсімі – әрбір студенттің өміріндегі ең толқулы әрі маңызды сәттердің бірі. Бұл – тек бір кезеңнің аяқталуы ғана емес, кәсіби жетістіктер мен тұлғалық даму жолындағы жаңа өмір белесінің басталуы.
📅 2025 жылдың 2 шілде күні «Жастар» сарайында колледж түлектеріне диплом тапсырудың салтанатты рәсімі өтті.
🎉 Бұл мерекелік күні студенттерді колледж әкімшілігі, бөлім меңгерушілері және оқытушылар құрамы құттықтап, жүрекжарды тілектерін білдірді. Олар студенттердің оқу жолындағы серігі, қолдаушысы әрі шабыттандырушысы бола білді. Салтанатты шара шын жүректен шыққан құттықтау сөздер мен әр түлектің жарқын болашағына деген сенімге толы ақжол тілектермен басталды.
🏫 Колледж ұжымы білім сапасын арттыру жолында үздіксіз еңбек етіп келеді. Олар студенттерге кәсіби құзыреттіліктер мен өмірлік құндылықтарды дарытып, болашаққа сенімді қадам жасауға жағдай жасайды. Сондықтан біздің түлектер өз мамандықтары бойынша жұмыс табуда қиындық көрмей, түрлі салада білімдерін тиімді қолдануда.
📜 Сондай-ақ осы мерекелі күні «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында бітіруші түлектерге еңбек жолына жолдама болатын сертификаттар табысталды.
👏 Біз әрқайсыңызбен мақтанамыз және маңызды кезеңнің сәтті аяқталуымен шын жүректен құттықтаймыз!
🚀 Алда толағай табыстар, жаңа белестер мен шабытты жеңістер көп болсын!