2019 жылдың 14 қарашасында «Даналық» колледжінің 1 ЛД-Д тобының студенттері оқытушы А. М. Темірбаевамен бірге Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№5 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК өткізілген «Өзіңді диабетке тексер» акциясына қатысты. Студенттер бұл іс-шараға белсене қатысты. «Ритм» атты флэш-моб билеп, қант диабеті тақырыбында парақшалар таратты. Сонымен қатар қандағы қант деңгейін тексеру қызметін пайдаланды.