«Өмірді сақта – сүйек кемігінің доноры бол!»

2023 жылдың 3 ақпаны күні З.Г.Мурзагулова атындағы «Даналық» Жоғары медициналық колледжінің басты ғимаратында «Астана Жастары» ЖРО-ның ұйымдастыруымен «Сүйек кемігі донорларының ұлттық орталығының» қызметкерлері: Саусақова С.Б., Толыбаева А.Н. колледждің «Емдеу ісі» мамандығының 4-курс студенттеріне «Өмірді сақта – сүйек кемігінің доноры бол!» тақырыбында конференция өткізді. Конференция тақырыбы өзекті болуына байланысты студенттер арасынан көптеген сұрақтар қойылып, барлық сұрақтарға жауап алды. Сүйек кемігінің доноры болуға тыңдарман-студенттер арасынан 17 бала келісім беріп, тамырдан қан тапсыру процедурасы жасалды.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *