2018 жылдың 27 сәуір күні «Даналык» колледжінің студенттері иммунизациялаудың пайдасымен маңыздылығы туралы тұрғындардың мағлұматтарын кеңейту, «Өзіңді және өзіңнің жақындарыңды қорға! Екпе жасат!» ұраны төңірегінде тұрғындарды екпемен қамтуды ұлғайту мақсатында №5 емханада флешмоб өткізді.
Иммунизациялау дүниежүзінің барлық жерінде кеңінен қолданылады. Вакцина егілген адамдардың есебінен жұқпалы аурудың таралып індетке (эпидемияға) ұласуына тосқауыл болып табылатын ұжымдық иммунитет қалыптасады. Бүгінгі күні иммунизация – жұқпалы аурудың алдын алудың және олардың әсерінен болатын асқынуларды болдырмаудың бірден-бір тәсілі. Вакцинация барлық тұрғындар үшін қолжетімді және тегін болып табылады. Көптеген жұқпалы аурулардан, өлімге әкелуі мүмкін асқынулардан қорғанудың сенімді де, кей жағдайда жалғыз ғана тәсілі иммундық алдын алу болып табылады.
КЕЗ-КЕЛГЕН ЕКПЕ ҚАЙ АУРУДАН ҚОРҒАУ ҮШІН ЕГІЛСЕ, СОЛ АУРУҒА ҚАРАҒАНДА ЖҮЗДЕГЕН ЕСЕ ҚАУІПСІЗ.