«Өзіңді-өзің тану» курсы адамның өзін-өзі табуына, жақсы қасиеттерінің ашылуына, өз-өзіне адал болуына, ар-намысын сақтауына және әрқашан толыққанды мағынадағы адам болып қалуына септігін тигізеді. Шын мәнінде адамзаттың барлық тарихы үнемі және үздіксіз түрде адамгершілік тұрғыдан өзін-өзі жетілдіру үдерісінен басқа ещтеңе де емес.
С.А.Назарбаева
2018 жылдың 2-12 ақпан айында «Даналық» колледжінде «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік және Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігі өткізілді. Онкүндік мақсаты: жастардың рухани-адамгершілік тәрбие жүйесін дамыту, студенттерді адамзаттық құндылықтар әлеміне еліктіру.
«Күн қайырымдылықтан басталсын»-атты студенттердің шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды.
![]() |
![]() |
Топ жетекшіліері «Қайырымдылыққа жүректер елжірейді» тақырыбында кураторлық сағаттар өткізіп, студенттер қайырымдылық, жомарттық ұғымдарын талқыға салды. Топтардағы студенттер «қайырымдылық» сөзіне теңеулер жазды, жұмбақтар шешті, өмірде орын алатын этикалық жағдайларды талқылады.
Өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы Б.Ж Хатпина «Қайырымдылық адам жанын жылытар -Күн» атты қойылым өткізді. Қойылым барысында оқытушы студенттердің қабылдауына қолайлы мысалдар түрінде адамдардың «қайырымдылық» және «зұлымдық» ұғымдарына қандай мағына беретіндігін түсіндірді, топтар арасында жұмыс ұйымдастырып, мінездің жағымды қасиеттерін жаздырды.
Өзін-өзі тану онкүндігінің бір күні «Ізгі тілектер мен мадақтаулар күні» деп жарияланды. Студенттер мен оқытушылар стикерлерге ізгі тілектер мен мадақтаулар жазып, оларын қабырғадағы өмір ағашының бұтақтарына ілді.
![]() |
![]() |




