2018 жылдың 09 ақпан күні колледждің бірінші курс студенттері балаларды сүйіспеншілік, өзгеге зорлық жасамау, тәрбиелі ұстаным, ақиқат, ішкі дүниеңнің сабырлылығы тәрізді жалпыадамзаттық құндылықтармен таныстыру мақсатында өткізілген «Өзіңді өзің тану: сүйіспеншілік педагогикасы және шығармашылық» атты онкүндік аясында астарлы әңгіме қойылымдар қою сайысына қатысты.
Астарлы әңгіме қойылымның міндеттері:
- Балалардың бойында олардың әр қайсысы үшін мәдени, адамгершілік, өзара қарым-қатынастарының дамуының негізі — құндылықтар деген түсінік қалыптастыру;
- Сүйіспеншілік, өзгеге зорлық жасамау, тәрбиелі ұстаным, ақиқат, ішкі дүниеңнің сабырлылығы тәрізді жалпыадамзаттық құндылықтар сапасын дамыту;
- Жалпыадамзаттық құндылықтарды игеру белсенділігін ынталандыру.