2019 жылдың 10 сәуірінде «Өмірге Иа деп айт!» жыл сайынғы акциянын қорытындысы бойынша қалалық марапаттау фестивалі өтті. Педагог-психолог А.С. Сейтахметованың жетекшілігімен «Даналық» колледжінің 1 курс студенттері Айнагул Султанбекова мен Диана Дүйсенбек «Өмір тамаша! Босқа қауіпке жол берме!» атты үздік эссе сайысына қатысып сертификатпен белгіленді. Іс-шара жасөспірімнің денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға қоғамның назарын аудару мақсатында өткізілді.