2018 жылдың 4 мамыр күні «Даналык» колледжінің студенттері АӘД оқытушысы А.Р. Мамырхановтың жетекшілігімен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күніне арналған Әлия Молдағұлованың ескерткіші алдына салтанатты түрде гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Іс-шараның мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм және қажет болған жағдайда Отан қорғауға әзір болу тәрізді маңызды құндылықтарды жастар бойына сіңіру. Қаза болған батырлады бір минут үнсіздікпен еске алды.
9 мамыр — адамзат тарихындағы ұлы күн. Бұл мереке күні барлығымыз үшін халқымызыдың батырлығы мен ерлігінің куәсі болған күн. Сол бір қасіретті жылдар, Ұлы Отан соғысының жауынгерлері мәңгілік жас ұрпақтың жадында болмақ.