«Ұжымның бірігуі» атты психологиялық тренинг

2019 жылдың 19 қазанында «Даналық» колледжінде педагог-психологтар А.С. Сейдахметова және Н. Б. Төлеуова колледж оқытушыларына арналған «Ұжымның бірігуі» атты психологиялық тренинг өткізді.

Тренингтің мақсаты: ұжымдағы жағымды психологиялық климатты қалыптастыру, қызметкерлер арасындағы шиеленісті түсіру, бір-біріне жағымды және тиімді эмоционалдық өзара қарым-қатынасты құру, оларды жалпы жұмыс механизміне енгізу.

Қол жеткізілген нәтижелер: тренингтен оқытушылар көптеген жағымды эмоциялар алды, тиімді командалық қарым-қатынас. өткізілген жұмыс нәтижесінде тренинг қатысушылары өз сезімдерін түсінуге және қабылдауға үйренді. Тренингтен кейін қатысушылар бір-біріне қатысты мұқият болды.

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *