2024 жылдың 1 қазанында колледж оқытушылары: А. Е. Джұмашева И.У. Нұргалиева және А. Т. Нургожина және студенттер Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МКҚК және «М. Тынышпеав атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы» Ақмола колледжі ұйымдастырған «Ұлы тұлға — Сәкен» қалалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.
Конференцияның мақсаты: «Біртұтас тәрбие» тәрбие бағдарламасын іске асыру шеңберінде тұлғаның негізгі құндылықтарын қалыптастыру, колледж педагогтары мен студенттерінің ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыру.
Конференцияда С. Сейфулин шығармаларының қазақстандық қоғамды қалыптастырудағы рөлі мен маңызы, мемлекеттің саяси өзін-өзі анықтауы, экономиканы, өнеркәсіпті, мәдениетті, білім беруді дамытуға қосқан үлесі, сондай-ақ жас ұрпақтың патриотизмі мен адамгершілігін тәрбиелеудегі тұлға мен әдеби мұрасының орны туралы мәселелерді талқылады.