2018 жылдың 10 – шы мамыры күні «Жақсыдан сүйіспеншілікпен» атты колледж жобасына қатысушы – студенттер елордалық қарттар үйінде Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіске мың тағзым» митингіне қатысты.
Өткізу мақсаты: патриотизмді рухани — адамгершілік және әлеуметтік құндылық ретінде қайта жаңғырту, жас ұрпақтың бойында өз елін мақтан тұту және Отанының даңқты тарихына құрметпен қарау сезімдерін тәрбиелеу.
Міндеттері: патриотизм сезімін тәрбиелеу және шайқастарда қаза болғандарды, қолына қару алып біздің Отанымызды қорғағандарды құрметпен еске алуға және қорғап жүргендерді құрметтеуге тәрбиелеу. Аға ұрпақтың рухани мұрасын сақтау.