Үздік жас педагог – 2026

«Үздік жас педагог – 2026» кәсіби шеберлік байқауы

2026 жылдың 29 қаңтарда «Педагогика мен медицинадағы инновациялық технологиялар, әдістер, идеялар» апталығы аясында «Үздік жас педагог – 2026» кәсіби шеберлік байқауы өтті. Байқауға арнайы пәндердің 6 жас оқытушысы қатысты.
Байқауға қатысушылар ауруханаға дейінгі кезеңде инсультті диагностикалау бойынша авторлық нұсқаулықтарды ұсынды, сондай-ақ ОКС шұғыл жағдайларында, жедел тыныс алу жеткіліксіздігінде және жіті аллергиялық реакцияларда жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша кәсіби дағдыларын көрсетті.
Жеңімпаздар дипломдармен және біржолғы ақшалай сыйақымен марапатталды.
Байқау нәтижелері:
Бас жүлде-Маркабаева Жаннұр Таңатқызы, 50000 тг.
1-орын-Әбдібахи Әсия Талғатқызы, 30000 тг.
2-орын-Чаймбекова Айнаш Қалибайқызы, 20000 тг.
3-орын-Қабдулина Құралай, 15 000 тг.
«Педагогикалық дебют» номинациясы — Қалиханова Гүлім Дәулетқызы, 10000 тг.
«Педагог-эрудит» номинациясы-Мыңтұрған Балжан Жандосқызы, 10000тг.
Байқауды өткізу жас педагогтардың кәсіби өсуге, шығармашылық ойлауды дамытуға және кәсіби қоғамдастықты нығайтуға деген ынтасын арттыруға ықпал етті.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *