«Үздік мейіргер-2024» кәсіби байқауы

2024 жылғы 17 мамырда «Мейіргер ісі» мамандығының апталығы аясында арнайы пәндер оқытушылары Аханова Лаззат Маделхановна және Айдарова Алтынай Амангельдиновна 12 мамыр Халықаралық мейіргерлер күніне және З.Г.Мурзагулова атындағы «Даналық» жоғары медициналық колледжінің негізін қалаушы З.Г.Мурзагулованың 90 жылдық мерейтойына арналған колледждің мейіргер ісі мамандығының 3-ші курс студенттері арасында «Мейіргерлер-өзгерістің қозғаушы күші: Денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығын арттыру» девизімен «Үздік мейіргер-2024» кәсіби байқауын өткізді.
Байқау 4 кезеңнен тұрды:
I кезең – Визитка «Мен-кеше, бүгін, ертең» — өзін таныстыру;
IІ кезең – Блиц- турнир. « 100-ден жүйрік, 1000-нан тұлпар»;
ІІІ кезең- «Мен-кәсіпқоймын»- Мейіргер үрдісі кезеңдерін жүзеге асыру арқылы практикалық дағдыларды орындау;
ІV кезең – «Мені көндіріп көр», коммуникацияны меңгеру дағдысын тексеру.
Байқау нәтижиесі:
І орын- Оңалбек Айжан Сапартайқызы
ІІ орынды-Оразбек Ақбота Бақытжанқызы
ІІІ орынды-Кенжебекова Куралай Бериковна
«Құзыреттілік хашайымы» номинациясы- Сералиева Асем Козыбағарқызы;
«Эрудиция ханшайымы» номинациясы — Мейірқұл Айдана Серікқызы
Жеңімпаздарды құттықтаймыз

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *