2023 жылғы 24 ақпанда колледжде «Емдеу ісі» мамандығы апталығы аясында арнайы пәндер оқытушылары Ж. А. Дариева мен П. Б. Оразаева «Үздік фельдшер-2023» кәсіби байқауын өткізді. Байқауға бітіру топтарының студенттері қатысты. Мақсаты: фельдшер мамандығының беделін арттыру және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру. Студенттер клиникалық пәндер бойынша өздерінің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетті.
Байқау нәтижелері бойынша:
Үздік фельдшері — Гомаров Алишер,
1 орын — Асанова Жанель,
2 орын — Ашабаев Саят,
3 орын-Убайдулла Мақсат.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!