«Үздік фармацевт- 2022» кәсіби байқауы

2022 жылдың 16 наурызында колледжде «Фармация» мамандығы апталығы аясында «Үздік фармацевт -2022» кәсіби байқауы өткізілді.

Конкурстың мақсаты: мамандық бойынша кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру және мамандықтың беделін арттыру

Байқауға «Фармация»мамандығы бойынша бітіруші топтардың студенттері қатысты.

Байқау екі кезеңде өтті.

1 кезең теориялық. Қатысушылар «Фармакология», «Фармакогнозия», «Дәрілік нысандар технологиясы», «Менеджмент және маркетинг негіздерімен фармацияны ұйымдастыру және экономикасы» пәндері бойынша тест тапсырмаларына жауап берді. Ең көп балл жинаған 5 студент екінші кезеңге өтті.

2 кезең практикалық. Қатысушылар арнайы пәндер бойынша практикалық дағдыларын көрсетті.

Конкурс қорытындысы:

1 орын — Дүйсен Жәмила Бейбітқызы

2 орын-Благинина Анастасия Анатольевна

3 орын-Карлова Диана Қайратқызы

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *