«Үздік медбике» байқауы

2019 жылының 14 ақпанында «Даналық» колледжінде «Мейірбике ісі» апталығы аясында бітіруші топтар арасында «Үздік медбике» атты кәсіби байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты: болашақ медицина қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру және клиникалық ойлауын дамыту.

Байқауға Мадина Қаиргельдинова, Мөлдір Мырзабекова, Әсем Солтанмұрат, Ақмарал Шора қатысты.

Байқауға қатысушылар мейірбикелік іс негіздері, терапиядағы, хирургиядағы және педиатриядағы мейірбике ісі  бойынша теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды көрсетті. Кезеңдер арасындағы үзілістерде жанкүйерлерімен «Медициналық терминология», «Үздік фармаколог» атты ойындар өткізілді.

Байқауға қатысушылар жоғары деңгейде дайындықтарын және кәсібилігін көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша «Үздік медбике» атағын 4-ДК-БК тобының студенті Шора Ақмарал жеңіп алды.

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *