2019 жылдың 28 ақпанында «Даналық» колледжі Астана қ. медициналық колледж студенттері арасында «Медбикелік іс» мамандығы бойынша «Үздік медбике-2019» атты қалалық кәсіби байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
- Студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту.
- Мейірбике мамандығының беделін арттыру.
- Болашақ медицина қызметкерлерінің клиникалық ойлауын дамыту.
- Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру.
- Қарым-қатынас мәдениетін, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамыту.
Байқау кезеңдерін жұмыс берушілер бағалады: Базарбаева Замзагүл Сайлаубайқызы — № 4 қалалық поликоиника, Тусупбаева Роза Аманжолқызы –№1 қалалық аурухана және Макашева Роза Балташқызы — Ақмола облыстық ауруханасы. Байқау 5 кезең бойынша өтті.
Байқау нәтижелері:
1 орын-Құралтай Аисара, «Дналық» колледжі;.
2 орын — Садыкова Сабина, жоғары медициналық колледж;
2 орын-Шора Ақмарал, «Дналық» колледжі»;
3 орын — Садықов Мамед, «Шипагер» медициналық колледжі»;
3 орын — Уаева Жанара, «Шипагер» медициналық колледжі»;
3 орын — Базарбаева Диана, жоғары медициналық колледж.