2019 жылдың 12 наурызында «Даналық» колледжі «Фармация» мамандығы бойынша «Үздік фармацевт-2019» атты қалалық кәсіби байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
1 Студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту.
2 «Фармацевт» мамандығының беделін арттыру.
3 «Фармация» мамандығы бойынша медициналық колледж түлектерінің кәсіби дайындық сапасын бағалау.
4 Болашақ фармацевтердің кәсіби қалыптасуына ықпал ету.
5 Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру.
6 Қарым-қатынас мәдениетін, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамыту.
Байқауға Медико — техникалық колледж және «Даналық» колледжінің студенттері қатысты. Байқау кезеңдерін жұмыс берушілер бағалады: Жусупова Гульбадан Генатуллиновна– «Доктор Плюс» дәріханалар желісінің директоры, Батырбекова Нурсауле Шерехановна – «Еврофарм» ЖШС және Манатова Клара Каламовна – «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК арнайы пәндер оқытушысы.
Байқау 5 кезең бойынша өтті:
1 Теориялық білім деңгейін бағалау;
2 Жағдаятты есепті шешу;
3 «Дәрілік өсімдіктер туралымифтер мен аңыздар»
4 «Фармакология-бұл өзекті»;
5 «РПО жұмыс күндері».
Конкурс нәтижелері:
1 орын-Шарипова Маржан –«Даналық» колледжі.
2 орын-Шәкір Ақтілек — «Даналық» колледжі.
3 орын — Тульская Александра – медико-техникалық колледжі.
3 орын — Нурлиханова Айгерим-медико-техникалық колледжі.