2018 жылдың 22 ақпаны күні «Даналық» колледжінде «Емдеу ісі апталығы» аясында «Үздік анатом» сайысы өтті. Сайысқа 1-ЛД-АК-11, 2-ЛД-АК, 2-ЛД-БК, 2-ЛД-ВК топтарының студенттері қатысты.
Сайысты бағалау үшін әділқазы мүшелері ретінде «Астана медицина Университеті» АҚ м.ғ.к, «Қалыпты физиология» кафедрасының профессоры — Хасенов К.М., «Даналық» колледжінің емдеу ісі бөлімінің меңгерушісі — Баранбаева Н.К., «Даналық» колледжінің түлегі, №7 қалалық емханаға қарасты медициналық жедел жәрдем көрсету бекетінің фельдшері — Амангельдинов А.А., хирургия пәнінің оқытушысы — Аргынгазинов Н.М. шақырылды.
«Үздік анатом» сайысы дәстүрлі және инновациялық әдіс-тәсілдерді және дидактикалық материалдарды кеңінен қолдану арқылы өткізіліп, студенттердің кәсіптік деңгейінің өсуіне аса қажетті бәсекелестік қабілеттерін дамыта түсті.
Сайыстың бес кезеңі барысында қатысушы студенттер өздерінің командаларын таныстырды, тәжірибелік сабақтары бойынша бейнебаяндамаларын қорғады, теориялық(ілімдік) сұрақтарға, бейне-сұрақтарға жауап берді, шығармашылық шеберліктерімен бөлісті.
Сайыс нәтижесі бойынша 2-ЛД-АК тобы жеңімпаз болып танылды. Сайыс барысында студенттердің бірінші кезекте пән бойынша білімдерімен жетістіктері, жан-жақты ойлау қабілеттері және логикалары бағаланды.