2022 жылдың 21 қазанында 1-курс кураторлары «Қыран елім – Қазақстаным!» тақырыбында бірыңғай кураторлық сағат өткізді.
Мақсаты: Қазақстанның Тәуелсіздікке жеткен жолын көрсету; адамгершілік, құқықтық және патриоттық тәрбиені жүзеге асыру, халықтың тарихына, мәдениеті мен дәстүрлеріне деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімдерін ояту, ұлттық мақтанышқа, патриотизмге және өз Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.