ҚР медициналық қоғамдастығының халықаралық медициналық мейірбике күнін мерекелеуіне байланысты ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы ММ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы біздің студенттерімізді оқытушы А.К. Бисембаевамен бірге 11.05.2022 ашық есік күніне шақырды. Кездесу барысында бізге шұғыл медициналық көмек бөлімінің басшысы Г.Д. Сералиева Апаттар медицинасы орталығы жұмысының ерекшелігі туралы презентация ұсынды. Бригада фельдшері Маусынбеков Е. Е. бізді қолда бар медициналық және медициналық-құтқару аппаратурасымен, филиалдың мамандандырылған автомобиль көлігімен, сондай-ақ маникендерде шұғыл көмек көрсетумен таныстырды.