2021 жылдың 12 мамырында эдвайзер Жагипарова Аида Каримовнаның басшылығымен «Қазіргі замандағы медбикенің рөлі» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына оқытушылар, түлектер және колледж студенттері қатысты.
Дөңгелек үстел жұмысы барысында студенттер медициналық көмектің қолжетімділігі, кадрлармен қамтамасыз ету туралы, жас мамандарға жұмыс берушілердің 0ойылатын талаптары туралы, қазіргі уақытта кадрлық бағдарламаның қандай іс-шаралары іске асырылып жатқаны туралы сұрақтар қойды.
Студенттер заманауи денсаулық сақтау жүйесінің дамуы туралы көп білді және барлық қызықтырған сұрақтарға жауап алды.