«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты Тілдер апталығының ашылуы

2018 ж қыркүйек айының 14-22 аралығында «Даналық» колледжінде Қазақстан халықтары тілдерінің мерекесі яасында жас ұрпаққа жан-жақты білім берумен тәрбиені ұштастыра отырып, тілімізге деген сүйіспеншілік, студенттердің сөз байлығын арттыру, тілді құрметтеуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты Тілдер апталғы басталды.

14 қыркүйек күні колледж оқытушылары К.Д.Турлыбекова және Г.Р.Сагындыкованың ұйымдастырумен апталықтың салтанатты ашылуы өткізілді. Іс-шарада студенттер арасында тіл байлығын арттыруда түрлі ойындар мен сайыстар жүргізілді. «Медбикелік іс» мамандығының 1 курс  студенттері қазақ және орыс ақындырың тіл туралы өлеңдерін оқыды. 2 курс студенті Мұхтар Нариман «Астана»  әнін және 1  курс студенті Темиргаливеа Дильназ «Шашу» биін орындады.

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *