2019 жылдың 16 қыркүйегінде «Даналық» колледжінде Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде»атты Тілдер апталығы басталды. Апталықтың ашылу салтанатын орыс тілі пәні оқытушысы К.Д.Тұрлыбекованың жетекшілігімен ұйымдастырылған «Тіл-достық көпірі» атты тақырыптық сабағынан басталды.Іс-шараның мақсаты: студенттердің бойында патриоттық сезімді қалыптастыруға ықпал ету, мемлекеттік тілді білуге ынталандыру және халықтың мәдени мұрасын зерттеу арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.Тілдер апталығының ашылуында «Емдеу ісі», «Мейірбике ісі» мамандығының 1 курс студенттері қазақ, орыс , ағылшын және неміс тілдерінде өлеңдер мен мақал-мәтелдер, ұлы адамдардың сөздерін оқыды. Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.