2020 жылдың 11 наурызында «Ашық жүрек» еріктілер клубының мүшелері «Қазақстан Республикасында балалар мен жастар арасында жыныстық тәрбиені дамыту мәселелерін талқылау. Бүгінгі шындығы және келешегі» атты дөңгелек үстелге қатысты.
Мақсаты: балалар, жастар және ата-аналар қауымдастығы арасында дұрыс жыныстық тәрбиені дамыту үшін бірлескен күш-жігерді біріктіру. Ұйымдастырушылар: Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы және Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы.