2021 жылдың 20 қазанында З.Г. Мурзагулова атындағы «Даналық» жоғары медициналық колледжі мен Нұр-Сұлтан қаласының білім беруді жаңғырту орталығымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Медицина және білім: Инновация. Мәселе. Келешек» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцисын өткізді.
Конференцияға Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы және Беларусь Республикасы орта және орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беретін медициналық оқу орындарының
Қазақстан, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан орта және орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беретін медициналық оқу орындарының 48 оқытушысы мен 125 студенті қатысты.
Пленарлық отырыста сөз сөйлегендер: Наурузбаева Айнагуль Серикбаевна — ҚР ДСМ Ғылым және адами ресурстар департаменті мейіргер ісін дамыту басқармасының бас сарапшысы, Дерябина Татьяна Александровна- «Курган базалық медициналық колледжі» МБОУ директорының міндетін атқарушы, Ресей Федерациясы, Байдалиева Анара Оморовна — Қырғызстан Республикасы Бішкек медициналық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, Тулеубаев Данияр Ергалиұлы — «Talap» КЕАҚ Педагогикалық шеберлік орталығының бас жаттықтырушысы.