2018 жылдың 18 қыркүйегінде «Даналық» колледжінің студенттері «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тәрбие және Білім» атты бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайында болды.
Студенттер экспозициялармен — республиканың мемлекеттік егемендігінің қалыптасу кезеңімен және Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз демократиялық мемлекеттің құрылысындағы тарихи ролімен танысты.